Мұхамед Ізбастин Qazaq CyberSport Federation президенті болып сайланды

06.02.2026 12:47 politico.kz
Мұхамед Ізбастин Qazaq CyberSport Federation президенті болып сайланды
8
CS турнирі, дереккөз: QCF

«Qazaq Cybersport Federation» РҚБ-ның кезектен тыс конференциясында Мұхамед Ізбастин Федерация президенті болып 4 жыл мерзімге сайланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Тиісті шешім ұйым құрылтайшылары тарапынан Федерацияның бекітілген Жарғысына сәйкес қабылданды. Жаңа басшы бұл қызметте 2018 жылдан бері Федерацияны басқарған Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеевтің орнын басты.

Мұхамед Ізбастин Қазақстандағы киберспортты дамытуға басымдық беріп, халықаралық турнирлерді тарту, шетелдік федерациялар мен лигалармен әріптестікті кеңейту, сондай-ақ кәсіби ойыншылар мен командалар үшін тұрақты экожүйе қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізетінін атап өтті.

Оның айтуынша, қазіргі таңда киберспорт жаһандық спорт және цифрлық индустрияның маңызды бөлігіне айналып отыр.

«2026 жылы киберспорт бүкіл әлем бойынша үлкен қызығушылық тудырып отыр. Бұл — еліміз үшін де стратегиялық маңызы бар бағыт. Қазақстандық ойыншылар мен командалардың халықаралық аренада көбірек көрінуі үшін жаңа мүмкіндіктер жасау — басты мақсатымыз», — деді Мұхамед Ізбастин.

Бұған дейін Федерацияны басқарған Қуанышбек Есекеев Қамқоршылық кеңестің төрағасы қызметіне тағайындалды. Ол Федерация жұмысына қатысуды жалғастырып, өкілдік және консультативтік бағытта қолдау көрсетеді.

«Киберспорт менің өмірімнің маңызды бөлігі болып қала береді. Біз құрылған сәттен бастап үлкен жолдан өттік. Алдағы уақытта Федерация жаңа деңгейге көтеріліп, саладағы мүмкіндіктерді одан әрі кеңейтеді деп сенемін», — деді Қуанышбек Есекеев.

Qazaq Cybersport Federation Қуанышбек Есекеевке Қазақстандағы киберспортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Ол Федерацияның қалыптасу кезеңінде негізгі рөл атқарып, саланың берік іргетасын қалаған тұлға ретінде атап өтілді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий