Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жердің топырағы қойылды

Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жердің топырағы қойылды
22.09.2025 15:39
0
99
Фото: Facebook/Сапарбек Нағашыбеков

АҚШ-тың Вашингтон қаласында жерленген жазушы Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған елдің топырағы мен жусаны қойылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Мұхтар Мағауиннің ұлы Едіге Мағауин ата-бабалары жерленген киелі мекеннен топырақ алып, әкесінің мәңгілік мекеніне қойды. Зияратқа Вашингтондағы Kazakh American Association ұйымының өкілдері де қатысты. Бұл туралы Сапарбек Нағашыбеков әлеуметік желідегі парақшасында хабарлады. 

«Бүгін Вашингтонға жақын жерде, қазақтың ұлы жазушысы, абызы Мұхтар Мағауиннің қабірін зират етіп, қазақтың «топырақ апару» дәстүрі жасалып, атамызға құран бағышталды. Қабыл болсын. Мұхтар атамыздың ұлы Едіге ағамыз Қазақстандағы ата бабасы жерленген жерден алып келген топырақ пен жусанды атамыздың қабіріне көмді», -  деп жазды ол. 

Нағашыбековтің сөзінше, бірнеше ай бұрын Мағауиннің АҚШ-тағы қабірінен топырақ алынып Қазақтандағы ата-бабаларының қасына жеткізілген.

«Мұхтар Мағауин атамыз бүкіл өмірін қазаққа арнап 27 том кітаптар жазып, қазақтың тарихын түгендеп берді , болашақ ұрпақ үшін. Қазақтың тарихында осыншама кітап жазған жазушы болмаған. Уа Алла сен рахмансың, рахимсың, ғафурсың, кешіргенді жақсы көресің Мұхтар атамыздың күнәләрін кешіріп жанын жаннатық қылғай. Зираттан кейін Едіге ағамыздың үйіне барып атамызды еске алдық, құран оқылды. Үйінде атамыздың кабинеті, кітапханасы әлі сол күйінде сақталған», - делінген жазбада. 

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий