«Мұндай қызға аз ғой»: Жанболат пен Жазираның құдаларға апарған қалың малы белгілі болды
Әлеуметтік желіде танымал әншілер Жанболат пен Жазираның жаңа құдаларына берген қалың малының көлемі тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Жақында ғана жалғыз ұлының қалыңдығына сырға салып, өнердегі әріптесі Кенжебек Жанәбіловпен құда атанған өнер иелерінің бұл қадамы оқырмандар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Желіде жарияланған видеодан әулеттің үлкені құдаларға қалың мал ретінде 10 миллион теңге және кәде сый үшін қосымша 300 жүз мың теңге табыстап жатқанын байқауға болады.
Бұл бейнежазбаны көрген желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, бірі жас жұбайларға бақыт тілесе, енді бірі қаражаттың көлемін сөз қылған.
Олар өз пікірлерінде: «Күшті, жастар бақытты болсын!», «10 млн көп қой, біз 2 млн бергенбіз», «Мұндай қызға 10 млн аз ғой» деп жазды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.11.2026
22:25
Маңғыстау облысы әкімдігіне келуші әйел пышақ а...
10.11.2026
21:39
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін ...
10.11.2026
20:22
Нұрлан Сабуров 100 миллион рубль бопсалау ісі б...
10.11.2026
19:19
Стендап-комик Нұрлан Сабуровтан Ресейге оралу ү...
10.11.2026
18:58
Ұлытау облысында банк менеджері сақтандыру төле...
10.11.2026
18:36
Экономист ел экономикасының 4,5%-ға өсуін түсін...