"Мұндай жағдай бұрын болмаған": Атырау облысында белгісіз дерттен мал қырылуда

Атырау облысында белгісіз дерттен мал қырылуда
Құрманғазы ауданында жаппай түйе өлімі тіркеліп отыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, малдың әуелі тәбеті жоғалып, артынан тырыспа пайда болып, екі-үш күннің ішінде өліп жатыр.
Атырау облыстық ветеринария басқармасының дерегінше, бүгінде 20-дан астам түйе қырылып, тағы 47 бас мал ем қабылдап жатыр. Дерт Дыңғызыл, Еңбекші және Мақаш ауылдарында тіркелген.
Мамандар жем-шөп пен жануар тіндерінен сынамалар алып, зертханаға жіберді. Ұлттық ветеринариялық референттік орталық алдын ала зерттеу жүргізгенімен, әзірге аурудың қоздырғышы анықталмаған.
Облыс әкімдігі Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қосымша мамандар жіберу жөнінде өтініш жолдаған. Алайда әзірге ресми жауап алынбады.
— Мұндай жағдай бұрын болмаған, — дейді жергілікті шопандар. — Соңғы екі аптада оннан аса түйе өлді. Қалғандары да ауырып жатыр. Бірақ нақты себебін ешкім айтпай отыр.
Дереккөз: HALYQSTAN
Соңғы жаңалықтар





