«Мұның қажеті не?»»: Дана Нұржігіт ресейлік шоуға қатысқан әнші Әміреге ренішін айтты
Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт ресейлік шоуға қатысып жатқан қазақстандық әнші Әміре туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Тележүргізуші бұл туралы өзінің желідегі парақшасында жазды.
«Біздің жұлдыздарға мұндай шоуға қатысудың не керегі бар? Ернар – әлдеқашан ел мойындаған әнші. Ол – вокал бойынша біліктілігі жоғары, мықты маман. Оны бағалау үшін осындай бағдарламаларға қатысудың не керегі бар?! Біздің өнерпаздар үшін ішің ашиды екен. Ол өнерге енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан бала емес. Ернардың өз жолы бар суреткер. Біреудің мойындауына зәру емес!», — деді тележүргізуші.
Айта кетейік, қазақстандық өнерпаз, Amre деген атпен танымал Ернар Садырбаев ресейлік НТВ телеарнасындағы «Браво! Бис!» шоуында таңғажайып өнер көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, финалға өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...