Мұқасан уәдесінде тұрды: Мақпал Жүнісова жұрттан «тығылып» қандай сыйлық алды?

07.11.2025 09:34 Айсұлу Мұрат
Мұқасан уәдесінде тұрды: Мақпал Жүнісова жұрттан «тығылып» қандай сыйлық алды?
0
59

Әнші Мұқасан Шахзадаев Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісоваға уәде еткен сыйлығын тапсырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

«Луганского көшесі жабық, Достық Плазаның парковкасында Мұқасаннан сыйлық алып жатырмын, Алла разы болсын», - деп жазды Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында.

Мұқасан Шахзадаев «парковкада» АҚШ-тан тапсырыспен алдырған көзілдіріктің қорабын ашып, Мақпал Жүнісоваға тақты.

«Міне, Мақпал әпке! Сізге деген сыйлығымды әкелдім. Игілігіңізге тағыңыз», - дейді әнші.

Еске сала кетейік, Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде видео жариялап, Мұқасанның көзілдірігін ұнатып қалғанын айтқан болатын.

«Түркістанда тойда отырмыз. Мұқасанның көзілдірігіне қызығып отырмын. Төрт түске ауысады екен. Америкадан алыпты. Маған да тапсырыс беретін болды. Күшті. Телефон секілді қуатталады екен», - дейді әнші.

Осы кезде тамақтанып отырған Мұқасан Шахзадаев көзілдірікті сыйлық ретінде алып беретінін айтады.

«Сізге тапсырыс емес, сыйлық ретінде алдырамын. Бір көзілдірік алып бере алмасам, не істеп жүрмін?!», - дейді өнер иесі.

Видеодан бұған Мақпал Жүнісованың қатты қуанып кеткенін көруге болады. Халық әртісі «Мәссаған! Маған сыйлық жасамақшы», - деп, сенер-сенбесін білмей, тосылып қалады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий