Мұрат Әбділдәнің әйелі алаяқ, өзінен тапты - заңгер

TikTok желісінде танымалдылыққа ие болған Мұрат Әбділдә қайтадан қамауға алынды. Бұл оқиғаға қатысты әлеуметтік желіде Adiletkhan есімімен танымал заңгер пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Заңгердің айтуынша, Әбділдәнің әйелі туралы жаны ашып жатқандардың алаңдауы орынсыз.
«Оның әйеліне жандарыңыз ашымай-ақ қойсын. Оның әйелі алаяқ. Бізге Әсел деп танысқан. Ал шын аты мүлде басқа. Алаяқтық бойынша отырып шыққан. Мұрат ұрды-соқты деп бірнеше рет арыз жазған. Қысқасы, олардың отбасына араластығым жоқ. Кінә өзінен. Ішті, шекті, білгенін істеді», – деді заңгер.
Сонымен қатар ол Мұраттың анасына жаны ашитынын да жасырмады:
«Сол кісіге обал, жақсы адам. Бірақ Мұрат соңғы кездері анасына да бармай кеткен», – деді ол.
Еске салайық, TikTok жұлдызы Мұрат Әбділдә заң талаптарын толық орындамағаны үшін қайтадан темір торға тоғытылған болатын.
Соңғы жаңалықтар





