«Мына гүлді қашан Жұлдызға сыйлайсың?»: Қайрат Нұртас Назимамен видеоға түсіп сөзге қалды

«Мына гүлді қашан Жұлдызға сыйлайсың?»: Қайрат Нұртас Назимамен видеоға түсіп сөзге қалды
04.09.2025 16:34
0
110
Скриншот видеодан алынды

Танымал әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында әріптесі Назимаға гүл сыйлап тұрған сәтін бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 
Бұл жай ғана шығармашылық жұмыс аясындағы кадр болса да, көпшілік арасында түрлі пікірге себеп болды.
Белгілі болғандай, қос өнерпаз бірге жаңа бейнебаян түсіріп жатыр. Алайда алғашқы кадрды көрген жұрт Назиманы Қайраттың жары Жұлдызға ұқсатқан. Кейін шындықты білгенде, кейбір жанкүйерлердің көңілі су сепкендей басылғаны байқалды.
Әлеуметтік желі қолданушылары арасында пікір екіге жарылды:


 «Жұлдызға ұқсатқандар біргеміз»,
«Бұл жай ғана клип қой, шу көтеретін ештеңе жоқ»,
 «Әйелі мен балаларын тастап, жас қызбен жүргені дұрыс па?»,
«Жұлдыздың шыдамдылығына таң қаламын»,
«40 жасқа келген адамның әрекеті осы ма?»,
«Әйелі перзентханада жатқанда, өзі шоу жасап жүр»,
«Мына гүлді қашан Жұлдызға сыйлайсың?» – деп жазды пікір қалдырушылар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий