“Мына жерді сыпыр!”: Пранк түсіремін деп көше сыпырушыны жылатқан блогер сотталды

“Мына жерді сыпыр!”: Пранк түсіремін деп көше сыпырушыны жылатқан блогер сотталды
19.06.2025 10:01
0
161
Фото: Видеодан кадр

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әлеуметтік эксперимент барысында көше ластағанына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұған дейін әлеуметтік желіде блогердің көше сыпырушы әйелмен дөрекі сөйлесіп, оны жылатып қойғаны туралы видео елді ашуландырған. 

Сот мәліметінше, Т. "әлеуметтік эксперимент" жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғамдық орынды ластаған және айналасындағы адамдарға құрметсіздік танытып, дөрекі мінез-құлық көрсеткен. Барлық әрекет бейнежазбаға түсіріліп, кейін әлеуметтік желілерде жарияланған.

Сот отырысында Т. кінәсін мойындады және іс материалдарында көрсетілген деректерді растады. Сот қаулысымен Т. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды", - деп хабарлады Алматы соты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий