«Нағыз махаббат»: Арбада отырған жігіт пен қыздың некесі елді екіге бөлді

21.11.2025 09:39 Берік Арманов
«Нағыз махаббат»: Арбада отырған жігіт пен қыздың некесі елді екіге бөлді
0
57
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде ерекше жұптың видеосы кең талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының назарына арбамен жүретін жігіт пен оған тұрмысқа шыққан қыздың тойы ілікті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Пост авторы қазіргі заманда мұндай шынайы сезімге сену қиын екенін, бірақ бұл жұптың махаббаты стереотиптерді бұзғанын айтады.

«Бүгінгі күні бұлай болуы мүмкін деп ойлау да қиын. Бірақ бұл видео шынайы махаббаттың барына дәлел. Қалыңдық сыртқы келбетке емес, жүрекке қарағаны анық. Мұндай адамдарға деген құрметім шексіз», – деп жазған ол.

Тойдан тараған видеолар желіде қызу пікірталас тудырды. Бірі қыздың таңдауын қолдап, «нағыз махаббат» деп бағаласа, енді бірі күмәнмен қарап, оны аяушылық білдіріп жатты. Пікір қалдырғандар екіге бөлінген.

Сын айтушылар қыздың болашақтағы қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін алға тартады:

«Ол оған көмектесе алмайды. Уақыт өте келе қыз оны жек көріп кетуі мүмкін, бірақ тастауға қимайды. Денсаулығы мықты адам ретінде оның табиғи қажеттіліктері бар, бала сұрауы да мүмкін. Күйеуін жуындыру, шомылдыру, үй шаруасын көтеру — бәрі сол қыздың мойнында. Ата-анасы жоқ кезде барлық шығынды кім көтереді? Уақыт өте ол да шаршайды», – деген пікірлер жазылған.

Ал мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған аналар да өз ойларын білдірді.

«Мүгедектігі бар баланың анасы ретінде, қызымның да өскенде бақытын тапқанын қалаймын. Бірақ дені сау адамдардың ата-анасы мұндай некені қаламайтынын түсінемін. Қайда тартылатынымды білмеймін. Егер екеуі қаласа, бақытты болса — неге болмасқа?» – деп жазады олардың бірі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий