«Нағыз масқара жағдай»: заңгер Мұқасаннан таяқ жеген Ғалымжанды ота күтіп тұрғанын мәлімдеді

25.11.2025 09:15 Айсұлу Мұрат
«Нағыз масқара жағдай»: заңгер Мұқасаннан таяқ жеген Ғалымжанды ота күтіп тұрғанын мәлімдеді
0
88
Фото: Alash.kz

Танымал әнші әрі актер Ғалымжанға жасалған шабуылға қатысты оның қорғаушысы, заңгер Инга Иманбай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, өнер иесінің қазіргі жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Иманбайдың хабарлауынша, дәрігерлер Ғалымжанның қолының сынғанын, мұрнының сынғанын және бет аймағына қатты зақым келгенін растаған. Алдағы күндері оған жарақаттан кейінгі күрделі ота жасалуы тиіс.

Заңгердің сөзінше, бұл тек денсаулыққа келген зиян емес, адам өміріне, шығармашылығына жасалған қастандық.

«Ғалымжан түсірілім үстінде жүрген фильмі уақытша тоқтады. Оның салдарынан 40 адамнан тұратын кино тобы жұмыссыз қалды. Бет-әлпеті ауыр жарақат алған адам камера алдында жұмыс істей алмайды. Бұл нағыз масқара жағдай»,- деді Иманбай.

Оның айтуынша, оқиғаның ең сорақы тұсы мәдениет өкілдерінің өз әріптесіне жабылып, ауыр дене жарақатын келтіруі. Бұл әрекет тек өнер адамдарына ғана емес, тұтас қоғамға жасалған жабайылық деп бағаланды.

Инга Иманбай полицияның «Мұқасан Шахзадаев қашып жүр, табылмай жатыр» деген мәлімдемесіне күмән келтіріп, істің жан-жақты зерттелмей отырғанын атап өтті.

«Біз бұл істі соңына дейін жеткіземіз. Атаққа да, беделге де қарамай, әділ жаза қолданылуы үшін бар күшімізді саламыз. Ғалымжанның құқықтары тапталмауы тиіс. Бұл іс міндетті түрде әділ шешімін табады», - деді заңгер.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий