"Нағыз сүйкімділік": Димаш Құдайбергеннің қарындасы Ақтауда түскен фотосын жариялады

Раушан Құдайберген Маңғыстау облысында демалып жатқан сәтінен кадрды көрсетті. Суретте ол қайық үстінде көгілдір теңіздің аясында күлімдеп тұрған күйінде көрінеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әлеуметтік желідегі жазылушылары да үнсіз қалмады. Раушанның табиғи сұлулығына, нәзіктігіне тамсанып, жылы сөздерін арнады:
"Раушанымыздың табиғи сұлулығы көз тартады", "Тамаша көрініс, ерекше сұлу", "Раушан қашан да сүйкімді, көз тартар жан! Қараған сайын көре бергің келеді" — деп жазды желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, мамыр айының басында Раушан Құдайберген өз парақшасында сырға салу рәсімінен кейінгі фотоларын көрсетіп, тұрмысқа шығатынын жариялаған еді. Димаш пен қарындасының отбасылық рәсімдегі суреттері желіде кеңінен таралып, елді тебіренткен болатын.
Соңғы жаңалықтар





