"Нан сатқандай тарата бермейді": Депутат бір адамға берілетін SIM-карта санына шектеу қоюды ұсынды
243
Депутат Жарқынбек Амантай бір адамға сатылатын SIM-карталардың санына шектеу қоюды ұсынды
"Павлодар облыстық полиция департаментінің өкілдерімен, арнайы мамандарымен кезедскенде мынадай ұсыныс айтылды. SIM-карталарды беруді шектеуге қосаңыздар деген ұсыныс. Біздің қоғамда кез келген дүкеннен сатып ала салуға болады. Бір кісіге көп SIM-карта сатыла береді. Ал кейбір елдердің тәжірибесін алып қарасақ, тек қана байланыс операторының филиалынан ғана сатып алуға рұқсат бар. Жекелеген дүкендер мұны нан сатқандай таратып сата бермейді. Осыған шектеу қойсаңыздар. Мамандар бір кісіге кем дегенде екі немесе үш сим-картадан артық берілмесе, үлкен көмек болатын еді деп отыр. Осы мәселені қарастыруға бола ма?", - деп сұрады депутат Мәжілісте өткен комитет отырысында.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілі Руслан Әбдіқалықовтың сөзінше, оның телекоммуникация комитетіндегі әріптестері осы мәселені көтеріп, байланыс операторларымен талқылаған.
"Байланыс операторлары бұл идеяны қолдамады. Бірақ өз тарапымыздан бір адамға 5 сим-карта жеткілікті болар еді деп айтқанбыз. Шын мәнінде, қазір біз басқа модель ұсындық. Яғни биометрия жүйелерін осы сим-карталарды іске қосу үшін пайдалануға болады. Мәселен, бір ЖШС 1000 сим-карта сатып алды дейік. Бірақ бұл SIM-карталар адамдар биометриялық идентификациядан өткеннен кейін ғана іске қосылатын болады, сонда сим-карта да жұмыс істейді. Себебі сонда ғана бұл сим-карта кімнің атында екені көрінеді. Біздің ойымызша, бұл әлдеқайда дұрыс болар еді. Яғни ешқандай шектеу болмайды. Бұл әзірге тек ұсыныс", - деді спикер.Депутатқа ЦДИАӨМ өкілінің жауабы ұнамаған секілді.
"Біз операторлардан неге ақыл сұрауымыз керек? Халықтың миллиардтап зардап шегіп отырғанын көріп отырмыз ғой. Біз операторларға неге ұсыныс айтуымыз керек? Біз шешім қабылдауымыз керек. Әрине, оларға сим-карталардың көптеп сатылғаны тиімді, олар қарсы болады. Face ID-ден өту керек деп отырсыз. Жасанды интеллект көмегімен адамның түр-келбетінен бөлек, дауысын көрсете салу білікті немесе орта білімді IT-мамандарына түкке тұрмайды. Оны да айналып өтіп кетеді. Сондықтан байланыс операторларынан ақыл сұрамай, біз өз шешімімізді қабылдауымыз керек",- деді Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантай.
Соңғы жаңалықтар
11.04.2026
09:17
Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының сәтті а...
10.04.2026
18:35
Атыраудағы педофил әкімнің туысы болып шықты
10.04.2026
17:30
Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалап, 25 м...
10.04.2026
17:15
"Адал іс емес": Алагөзовтерді сынаушылар көбейді
10.04.2026
16:48
«Қазақмыс» Жамбыл облысындағы 250 отбасыға көме...
10.04.2026
16:10
"Іздеп барған": Ақбаян Мұқанғалиева туралы журн...