Нәресте жерлеу алдында тіріліп кетті

28.10.2025 09:32 Мөлдір Талғат
Нәресте жерлеу алдында тіріліп кетті
0
364
pixabay

Бразилияда өз жерлеу рәсімінде кішкентай сәби тіріліп кетті.

Нәресте жүктіліктің 24-аптасында дүниеге келген. Толғақ кезінде анасының жағдайы күрт нашарлап, қан кету белгілері байқалған соң, оны қажетті жабдықтары жоқ жергілікті ауруханадан басқа медициналық орталыққа ауыстырған.

Алайда дәрігерлер баланы аман алып қала алмаған. Ресми құжаттарда сәбидің жатырішілік гипоксия, яғни оттегі жетіспеушілігі салдарынан көз жұмғаны көрсетілген. Мамандар нәрестенің өлімін растаған соң, оның денесін жерлеу үшін туыстарына табыстайды.

Бірақ жерлеу рәсімі кезінде күтпеген жағдай орын алады – туыстары табытты ашқан сәтте сәбидің қозғалып, жылағанын байқайды. Туыстары дереу баланы қайтадан ауруханаға жеткізеді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап, жансақтау бөліміне орналастырғанымен, өкінішке қарай, сәби көп ұзамай көз жұмды.

Қайғылы оқиғадан кейін жергілікті прокуратура мен денсаулық сақтау органдары істің мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий