Наурызда күн жылып, жаңбыр жауады: бес облысқа су тасқыны қаупі төніп тұр
1565
Қазақстанда көктемгі су тасқыны қаупі жоғары бес аймақ анықталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Синоптиктер наурыз айы жылы әрі жаңбырлы болады деп болжап отыр. Мамандардың айтуынша, жауын-шашын қардың еруін тездетуі мүмкін. Егер күн күрт жылыса, еріген қар суының деңгейі көтеріліп, қауіп күшейеді. Су тасқынына әсер ететін басты фактор – топырақтың қату тереңдігі. Қазір еліміздің оңтүстігіндегі кейбір аудандарды қоспағанда, жердің басым бөлігі қатып жатыр.
Қауіпті аймақтардың тізімінде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары тұр. Ал Ұлытау, Жетісу, Қостанай, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында қауіп орташа деңгейде бағаланды. Үлкен судан ең аз қауіп Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Жамбыл облыстарына төніп тұр.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
08:15
Каспийдегі трагедия екі бап бойынша тергеліп жатыр
25.09.2026
00:58
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты
25.09.2026
00:28
Allur, QazTehna, Agromash зауыттары қаза тапқан...
24.09.2026
23:27
Балалар үйінің тәрбиеленушісін қорқытып, ақшасы...
24.09.2026
23:21
Шалқардағы қанды төбелес: ауылдасын өлтірген ст...
24.09.2026
22:47
Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың ...