Назарбаевқа айыппұл салынды

03.02.2026 19:48 Арман Ермеков
Назарбаевқа айыппұл салынды
580
Фото: gov.kz
Әкім кәсіпкерге заңды жер телімін беруден бас тартқан.

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданына қарасты Әйет ауылдық округінің әкімі Назарбаев Ерлан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 2025 жылдың қазан айында болған. Жергілікті кәсіпкер газ құбырын жүргізу үшін көлемі 0,1 гектар болатын жер сұрап әкімдікке жүгінген. Оның қолында жер комиссиясының оң қорытындысы мен бекітілген жерге орналастыру жобасы болған. Заң талаптары бойынша бұл құжаттар жерді рәсімдеуге толық негіз болады. Алайда округ әкімі кәсіпкердің өтінішін қанағаттандырмаған.

Бизнесмен бұл шешіммен келіспей Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне шағым түсірген. Департамент прокуратурамен бірлесіп тексеріс жүргізді.

Нәтижесінде кәсіпкердің құқығы қорғалды. Оған қайта өтініш жазғызбастан қажетті жер телімі берілді. Ал әкім Ерлан Кенжетайұлы Назарбаевқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабы бойынша хаттама толтырылды. Енді шенеунік 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий