Назым Қызайбай Олимпиада медалі үшін пәтер кілтін де, қаражат та алмаған

Назым Қызайбай Олимпиада медалі үшін пәтер кілтін де, қаражат та алмаған
24.04.2025 12:08
0
155
Richard Pelham/Getty Images

Қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлі күнге дейін Олимпиада медалі үшін пәтер кілтін де, сыйақыны да алған жоқ, деп хабарлады POLITICO.KZ Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Назым Қызайбай 2024 жылы Парижде (Франция) өткен Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алған болатын. Қазақстан заңнамасына сәйкес, қола медаль иегерлеріне 75 мың доллар (39,2 миллион теңге) көлемінде сыйақы берілуі тиіс еді.

Алайда Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында Назым Қызайбай мемлекет тарапынан ешқандай төлем алмағанын айтты. Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігі сыйға тартқан пәтердің кілтін де әлі күнге дейін алмағанын жеткізді.

«Олимпиада ойындарының қола медалі үшін мемлекет беруі тиіс 75 мың долларлық сыйақыны әлі жіберген жоқ. Басқа спортшылар да әлі алмаған сияқты. Мен ондайды естіген жоқпын, сондықтан ешкім алмады деп ойлаймын.Ал пәтер жайлы айтсам: Олимпиададан кейін бізге көлік, пәтерге сертификат және Алматы қаласының ақшалай сыйлықтарын табыстаған еді. Сол кезде көлік пен ақшалай сыйлықтарды бірден берді, ал пәтерді бір жарым-екі айдан кейін аласыңдар деген. Бірақ міне, алты айға жуық уақыт өтті, жуырда ғана әкімдіктен хабарласып, барлық спортшылар қалада болған кезде жинап, кілттерін табыстаймыз деді. Енді асыға күтіп жүрміз», – деді Назым Қызайбай Tengri Sport тілшісіне.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий