Неліктен Владимир Путин теңіз қиярынан қорқады

Неліктен Владимир Путин теңіз қиярынан қорқады
31.03.2025 14:46
0
509
Ашық дереккөз
Қытай «теңіз қияры» үшін Ресейді мазалап отыр

Ресейдің Владивосток қаласы 165 жылдығын атап өтуге дайындалуда, деп хабарлайды POLITICO.KZ The Spectator басылымына сілтеме жасап.

Қала күніне орай бір апта бойы парустық регата, көше қойылымдары мен салтанатты отшашу өтеді деп жоспарланған. Алайда Қытай билігінің қалаға деген тарихи наразылығы Владимир Путинді алаңдатпай қоймайды.

Владивосток қаласының негізі 1860 жылы 2 шілдеде Қытайдан тартып алынған аумақта қаланған. Қытай бұл қаланы әлі күнге дейін өз аумағы деп есептеп, оны тарихи атауымен – «Хайшэньвай», яғни «Теңіз қияры шығанағы» деп атайды. Қытай коммунистік партиясы бұл жерлерді кезінде Ресей империясы әділетсіз тартып алғанын алға тартады. Соңғы екі жылда Қытай билігі барлық карталарында Владивостоктың тарихи атауын көрсетуді міндеттеді.

Қытайдағы ұлтшыл топтар бұл территорияларды, сондай-ақ Ресейдің қиыр шығысындағы бірнеше қаланы өз еліне қайтаруды талап етуде. Бұл жағдай Ресей билігін алаңдататыны анық, өйткені тарихи араздықтың арты екі елдің арасындағы саяси кикілжіңге әкелуі мүмкін.

Қытай мен Ресей арасындағы бұл тарихи кикілжіңді АҚШ президенті Дональд Трамп өз мүддесіне пайдалануға тырысуда. Америкалық саясаткерлердің пікірінше, тарихи наразылықты пайдаланып, Ресейді Қытай ықпалынан шығару керек.

Дегенмен сарапшылардың пікірінше, Ресей мен Қытайдың қазіргі серіктестігі тым тығыз әрі стратегиялық тұрғыдан маңызды. Сондықтан тарихи наразылық әзірше тереңге кетпейді. Қытай әзірге Ресейдің Украинадағы соғысын қолдап, оның экономикасын тұрақтандырып отыр. Дегенмен Қытайдың шекаралық талаптары болашақта Путиннің бас ауруына айналуы әбден мүмкін.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий