Немересінің жаласымен сотталған зейнеткер Ресейден Қазақстанға депортацияланды
Ресейде немересінің жалған сөзі үшін түрмеге жабылған 65 жастағы қазақстандық бостандыққа шыққан бойда елге қайтарылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ресейдің Нижний Новгород облысында педофилия айыбымен 15 жылға сотталған Виктор Трубачев түрмеде 3 жылға жуық уақыт отырған. Кейінірек оның немересі ауылда демалысын өткізгісі келмегендіктен анасының қалаға алып кетуі үшін атасына әдейі жала жапқанын мойындады. Бұл туралы RT басылымы жазды.
Зейнеткер жүрек ауруына байланысты 2025 жылдың тамызында босатылды. Алайда ол Қазақстан азаматы болғандықтан және қамауда отырған кезде Ресейде тұруға ықтиярхатының мерзімі өтіп кеткендіктен, үйіне оралғаннан кейін бір аптадан соң 5 жылға депортацияланды. Қазір ол Қазақстанда қызының қолында тұрып жатыр.
"Оны денсаулығына байланысты босатқан бойда бірден депортация бойынша сотқа шақырды, сөйтіп үйде менімен бір-ақ апта болды", – деді зейнеткердің әйелі Татьяна Чолокян.
Әйелінің сөзінше олар алдағы 12 жыл бойы көрісе алмайды, себебі сотталғандығы жойылмағандықтан Викторға Ресейде тұруға рұқсат берілмейді. Қазір отбасы мүшелері өзара татуласқан. Ер адам немересімен көп араласпаса да, араларында ешқандай жанжал жоқ. Ол жақын арада кардиостимулятор ауыстыру отасына дайындалып жатыр.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Ресейде 2006 жылы дүниеге келген Тараз қаласының екі тумасының үстінен сот жүріп жатыр.
Соңғы жаңалықтар