"Өнерден кетемін": "Қойшы бала" Жігер Ауыпбаевқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
365
Көпшілікке Жігер Ауыпбаевтың шәкірті ретінде танылған әнші Айдос Кәден ел күтпеген мәлімдеме жасады. "Қойшы бала" желідегі суретінің астына өзі пікір қалдырып, өнерден кететінін айтты,-деп хабарлайды politico.kz
Жақында Жігер Ауыпбаевпен жұмысын тоқтатқан әнші өзіне айтылған сыни пікірлерге алғаш рет жауап берді. Ол TikTok желісіндегі парақшасына суретін жүктеп, астына пікір қалдырды."Бұйырса, ағайын. Өнерден кетемін. Сәл өнерде жүре тұрайын. Өмірдегі ең үлкен қателігім – Жігер ағамнан кетіп қалғаным.Кешіріңіздер", - деп жазды ол. Еске сала кетейік, осыған дейін Жігер Ауыпбаевтың өзі продюсерлік еткен "Қойшы баламен" мүлде араласпай кеткені белгілі болды. Көп ұзамай "Қойшы бала" жұртқа жаңа продюсерін таныстырды. Артынша отандық эстрада жұлдызы Айдос Кәденді "су ішкен құдығына түкірмеуге" шақырды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...