Несие алуға тыйым салу енді бір қоңырау арқылы мүмкін
955
Қазақстандықтар телефон арқылы өздеріне несие алуға тыйым сала алады
Қазақстанда телефон арқылы несие алуға тыйым салу мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз атынан несие рәсімдеуге шектеу қоя алады, бұл оларды алаяқтардан қорғауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро хабарлады.
Жаңа сервис электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) жоқ, бірақ мобильді азаматтар базасында тіркелген азаматтарға қолжетімді. Олар 1414 нөміріне тегін қоңырау шалып, арнайы дауыстық бот арқылы несие алуға тыйым сала алады.
Қызметті қалай қосуға болады?
- 1414 нөміріне қоңырау шалыңыз (тегін)
- Қазақ немесе орыс тілін таңдаңыз
- "Запрет на кредитование" (Несиеден шектеу) деп айтыңыз
- Жүйенің нұсқаулығын орындап, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізіңіз
- SMS арқылы растау кодын алып, енгізіңіз
Осыдан кейін сіз өз атыңызға несие рәсімдеуге толық тыйым сала аласыз. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда, бұл тыйымды алып тастауға немесе қызмет туралы ақпарат алуға болады.
Бірінші кредиттік бюроның өкілдері бұл қызмет қаржылық қауіпсіздікті арттырып, несие алаяқтарынан қорғануға көмектесетінін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...
02.10.2026
22:27
«Өлтіремін» деп қорқытқан: Алматыда бойжеткенді...
02.10.2026
21:30
«Семей орманында» ақша үшін ағаштарды заңсыз ке...
02.10.2026
20:54
Мәмбет Қойгелді: Мұстафа Шоқай мен жарының сүйе...