«Неткен әдемісіз!»: Димаш Құдайбергеннің анасы Париждегі серуенімен бөлісті

Светлана Айтбаева тағы да жанкүйерлерін жаңа суреттерімен қуантты. Бұл жолы ол әлемнің ең танымал көрікті жерлерінің бірі – Эйфель мұнарасының алдында суретке түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Димаш Құдайбергеннің анасы, Instagram-дағы постына былай деп жазюа қалдырды:
«Келесі кездескенше, Париж!».
Жанкүйерлер де бейжай қалмай, Айтбаеванының парақшасын жылы лебіздерге толтырды:
«Неткен әдемісіз!»
«Тамаша! Біз сізді Ригада күтеміз»
«Эйфель мұнарасындай жарқырап тұрсыз».
Айтбаева сапардың мақсатын нақты айтпағанымен, 2025 жылдың 24 қыркүйегінде Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде атақты дирижер әрі композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерекелік концерт өткен болатын.
Осы кеште Светлана Айтбаева сахнада Әлішер Каримов, Фархад Кубиев, Гаухар Жұмағұлова және басқа да өнер иелерімен бірге өнер көрсеткен еді.
Соңғы жаңалықтар





