Нұрлан Еспановтың ұлы бейтаныс қыздарға интим хаттар жазбағанын айтып, ақталды

Әлеуметтік желіде бейтаныс қыздарға интим сипаттағы хаттар жазды деген дауға іліккен Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов алғаш рет ел алдына шығып, өзінің бұл іске ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігінге сілтеме жасап.
Журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында ол жағдайға толыққанды түсініктеме беріп, өзінің атына тағылған айыптаулардың негізсіз екенін айтты.
Әлеуметтік желіге таратқан қызды танымаймын. Егер оған жазсам, менің парақшамда да сақталу керек емес пе?! Менде ондай хаттар жоқ. Бірнеше рет архив жазбаларымды ақтардым. Былай айтқанда, үлкен аяқтан шалу болды десем де болады. Өйткені ондай қызды танымаймын, ондай қызбен кездеспегенмін де, — деп түсіндірді Олжас Еспанов.
Оның айтуынша, желіде тарап кеткен хаттарды кімнің жариялағанын анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізген.
Кімнің салды екен деп зерттеп қарадым. Алғаш TikTok желісінен көрдім. Сосын Айсұлу деген бір қыз салды. Бірақ ол жабық парақша екен. Қарасам, арамызда ешқандай диалог болмаған. Кейін маған дайректке жазып, 'ол ешқандай Айсұлу емес, Башқұртстанның Александар деген қызы' деді. Ол Айсұлу болып солай контент жүргізіп жүр екен. 'Не үшін жасадың' деп жаздым. Бірақ диалогқа келмеді, қыздың жазғаны маған жиіркенішті болды. Содан тыныштық керек деп бұғаттап тастадым. Бірақ кейін оның ешқандай Айсұлу емес екенін білдім. Ол Александра деген қыз Айсұлу болып бір адамның өмірін құтты десем де болады", — деді ол.
Сондай-ақ Олжас болашақ жары Айнұрға бұл жағдайды ашық айтып, барлық мән-жайды түсіндіргенін де атап өтті. "Жақында отау тігемін. Болашақ жарым Айнұрға да мән-жайды түсіндіріп айттым", — деп сөзін түйіндеді.
Соңғы жаңалықтар





