Нұрлан имам: Әйелдерге әрқашан көп ақша керек

Нұрлан имам: Әйелдерге әрқашан көп ақша керек
21.04.2025 18:17
0
29
Фото: Видеодан скрин

Белгілі дін өкілі Нұрлан қажы Байжігітұлы әйелдерге қатысты шындықты ашық айтып, әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Тікелей эфир кезінде имамға қойылған сұрақ – «Әйелі күйеуінің тапқан ризығына разы болмаса, не істеу керек?» – көпшіліктің назарын аударды.

"Ешнәрсе істемеу керек. Әйел өмір бойы риза болмайды. Ұрып, тепкілеп, ажыраса беру керек пе? Әйелге әрдайым көп ақша керек – қымбат тон, бриллиант алғысы келеді. Бұл – табиғи нәрсе. Бізден де мықты ата-бабаларымыздың, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әйелдері де осындай болған", – деді имам.

Сондай-ақ ол әйелдердің көп сөйлеуі олардың табиғатында бар қасиет екенін жеткізді.

"Әйел сөйлейді – ол әйел болғаны үшін. Аузына келгенін айтады, оны тоқтату мүмкін емес. Себебі оларды сөйлеу үшін Алла Тағала солай жаратқан. Ер адамдардың өздері де ұрысқанда 'не, қатынсың ба?' деп жатады. Демек, әйел сөйлеуге бейім. Ал еркек – тыңдауға міндетті", – деді Нұрлан қажы.

Имам сөз соңында ерлерге отбасындағы жанжал кезінде қандай амал жасау керектігін де айтты:

"Ұрыс шықса, үндемей үйден шығып кетіңіз. Сыртта серуендеп, сабаңызды жинаған соң, үйге келіп, 'жаным, күнім' деп жылы сөз айтыңыз", – деп түйіндеді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий