Нұрлан мен Мұрат ел білмейтін сырын ашты

Бұдан 20-25 жыл бұрын қазақ эстрадасында аты шыққан әншілер Нұрлан мен Мұрат "Таңшолпан" бағдарламасында берген сұхбатында жан сырын бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ ulysmedia.kz арнасына сілтеме жасап.
Сұхбат барысында тележүргізуші "кейінгі сұхбаттарыңызда денсаулық жайын көп айттыңыздар, қазір қалайсыздар?" деп сұрады. Оған Нұрлан жауап берді.
"Құдай шүкір, қазір. Мұрат екеуміздің бір баяғыдан қойылған, Алладан келген сондай бірнәрсе бар шығар. Мен ауырып қалсам, міндетті түрде бір-екі жылдан кейін Мұрат та ауырып қалады. Менің басыма бір қайғы түссе, Мұраттың да басына сол қайғы түседі. Неге екенін білмеймін. Менің анам қайтыс болды, бір-екі жылдан кейін Мұраттың да анасы қайтыс болды. Мен ауырып қалып, үш жылдай арбада отырдым. Мұрат та арбадан кеше тұрды. Сондай болып тұрады. Мұрат маған "Нұреке, сен ұрынып қалмашы" дейді, – деп күледі Нұрлан.
Мұрат өз кезегінде "көрермен біздің жаңа әндерімізден гөрі ескі әндерімізді көп іздейді" деді.
Соңғы жаңалықтар





