Нұржан Қалжан: Мойнымда бес бұрандамен бекітілген темір бар

14.09.2026 20:10 Томирис САҒЫНДЫҚ
Нұржан Қалжан: Мойнымда бес бұрандамен бекітілген темір бар
130
Фото: https://www.instagram.com/nurzhan_halzhan/

Белгілі әнші Нұржан Қалжан ауыр жол-көлік оқиғасынан кейінгі денсаулық жағдайы мен соның салдарынан сахнадан алшақтауы туралы айтып берді. Сұхбат барысында ол денсаулығына байланысты дәрігерлердің болжамы мен мойнына жасалған операцияның егжей-тегжейін бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы әнші "1001 түн" бағдарламасында әңгімеледі. 

«Өзіме нақты диагноз қойылды деп айта алмаймын, бірақ ән айтпауым мүмкін деген сөздер айтылды. Әрине, өйткені қазір мойнымда темір бар. Ол жерге бес бұранда бекітілген: екеуі төбесінде, екеуі астында, ал біреуі ортасында орналасқан. Рентгенге түсіріп қарағанда, ол анық көрініп тұрады», — деді Нұржан Қалжан.

Сонымен қатар, өнер иесі апат кезінде қаза тапқан досы, танымал тележүргізуші Руслан Бөлебайды еске алып, болған оқиғаның өзіне психологиялық тұрғыдан ауыр соққы болып тигенін сөз етті. Оның айтуынша, соққыдан кейін өнер мен шығармашылық екінші орынға ысырылған.

«Ол кезде бұл жағдай мені мүлдем мазалаған жоқ, тіпті қайтадан ән айтамын деген де ой болған жоқ. Өйткені бірінші орынға денсаулық шықты, ал екінші жағынан, қасымдағы достарымнан айырылып қалдым. Сіздердің әріптестеріңіз Руслан Бөлебай екеуміз бірге едік, бір көлікте болдық. Сол оқиға мені өте қатты қинайды, әлі күнге дейін солай. Ол кезде басқа нәрсені ойлайтын уақыт та, жағдай да болған жоқ. Сол кісілер аман қалып, олардың орнына мен кетіп қалғанда ғой деп, кейде өзімді қатты кінәлаймын, себебі рөлде мен отырған едім. Солай бола тұра, ол жерде ән, дауыс немесе өнер туралы ойлану мүлдем мүмкін емес еді», — деді әнші.

Войдите, чтобы оставить комментарий