Нұржан Төлендиев: «Арманым бар, бірақ әлі дайын емеспін»

Нұржан Төлендиев: «Арманым бар, бірақ әлі дайын емеспін»
11.06.2025 18:44
0
164
Фото: youtube.com/@MaratOralgazin

Алдараспан театрының жетекшісі, Алдараспан театрының актерлері Нұржан Төлендиев пен Бауыржан Тәңірберген Қызық Times бағдарламасының студиясына қонаққа келіп, театрдың 15 жылдығына орай шығармашылық жолындағы жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Студияда Нұржан Төлендиев жақында екінші рет ата атанғанын айтып, көптен сүйінші сұрады. Қызынан немересі бар Нұржан таяуда ұлы үйленіп, немере сыйлаған.

Одан бөлек, бағдарлама барысында ол киноға түсуге қатысты ойын айтты.

"Құдай қаласа. Енді мен әзір дайын емес секілдімін. Ең жаманы, штамп деген бар. Бір рөлдің екінші рөлге ұқсап кетуі. Қазақ киносына жалпы ризамын. Бұрын тек шетелдік киноларға баратын едік. Апта сайын қазір қазақ кинолары шығып жатыр. Алла бұйырса киноға түсемін деген арманым бар. Көңілімнен шығатын жақсы сценарий болмай жатыр. Басы бар, аяғы бар жақсы дүние болса түсеміз", - деді актер.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий