Нұржан Төлендиев мектепте бірінші атаман болатын

Нұржан Төлендиев мектепте бірінші атаман болатын

Отандық телеарналардың біріндегі «Қызық Times» бағдарламасының жүргізушілеріне танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев сұхбат берді. Бағдарлама барысында актердың сыныптастары да түрлі сұрақтарға жауап берді, деп хабарлады POLITICO.KZ turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

«Мектепте бірінші атаман болатын. Бұзық еді. Бәрін ұйымдастыратын. Ол бірнәрсені бүлдіру жағынан да үнемі бірінші жүретін. Күлдіреді де, бүлдіреді де... Мектепте өзі каратеге қатысқан», - деді сыныптастары.

Бағдарлама жүргізушілері осы жауаптан соң әзілкешті өзге өнер иелері үшін үлгі етті. Олар оның шынайы жауабына тәнті болған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу