«Один дома» тіріліп кеткендей: Жазира мен Фаризаның образы желіні шулатты

19.12.2025 13:46 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Один дома» тіріліп кеткендей: Жазира мен Фаризаның образы желіні шулатты
0
51
Коллаж: Politico.kz

Актрисалар Жазира Еркін мен Фариза Ескермес жаңа жылдық кештердің бірінде ерекше образымен көпшіліктің назарын аударды. Олар әйгілі «Один дома» фильміндегі кейіпкерлердің бейнесінде келіп, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz

Жазира мен Фариза «Қызық премия» шарасына тыңғылықты дайындықпен келгені бірден байқалады. Танымал фильм кейіпкерлерінің киімі, гримі мен мінез-құлқына дейін дәл жеткізген актрисалардың бұл таңдауы көрерменнің көңілінен шықты. Образдардың үйлесімі мен актерлік шеберлік көпшілікті тәнті етті.

Желі қолданушылары да қыздардың креативтілігін жоғары бағалап, пікірлерін жарыса жазып жатыр.


«Қыздар, таңғалдырудан жалықпайсыңдар», «Образ керемет, біздің үйге келіңдер», «Гарри өте жүдеу екен», «Нағыз әртістер», «Керемет, бірден көңіл көтеріліп қалды», «Айнымайды үшеуі де», «Қаншама еңбек тұрғаны көрініп тұр», – деп жазды оқырмандар.

Көпшіліктің пікірінше, бұл образдар жаңа жылдың «Ең үздік образы» атағына әбден лайық. Жазира Еркін мен Фариза Ескермес осылайша тағы да креативі мен кәсібилігін дәлелдеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий