“Өкінемін…”: Гүлнұр Мамасарипова Баян Мақсатқызымен қарым-қатынасын айтты

Танымал продюсер әрі «Келінжан» телехикаясының авторы Гүлнұр Мамасарипова өмірінде өкінетін жайттарының бірі жайлы әңгімелеп берді.
Ол продюсер Баян Мақсатқызымен бір кездері достық қарым-қатынаста болғанын, алайда сол достықты сақтап қала алмағанына қынжылатынын жасырмады.
«Өкінетін бір ғана нәрсе бар — ол достықты сақтап қала алмағанымыз. Қалғанының бәрі жәй нәрсе, уақытымен орнына келді. Маған да жұмыс табылды, сериалдарымды түсіруді жалғастырдым. Бірақ сондай нәзік дүниені жоғалтып алдық, ең қынжылатыны сол. Мұндай жағдай өмірде болып тұратын шығар: кей адамдармен ренжісіп қалсаң да, кейін бір жерде кездесіп, әңгімелесіп, қарым-қатынасты жалғастыра бересің. Ал ең жақын адамдармен уақыт өте келе «сен бар, мен бар» дегендей алыстап кетеді екенсің. Содан біраз уақыт өтіп кетіпті. Әлі күнге дейін араласпаймыз», — деді ол.
Соңғы жаңалықтар





