«Ол мұндайды өзі істей алмас еді»: Риддерде 5 сынып оқушысының мәйіті табылды

06.05.2026 23:26 Қарақат АСЫЛОВА
«Ол мұндайды өзі істей алмас еді»: Риддерде 5 сынып оқушысының мәйіті табылды
1322
ШҚО-да мектеп оқушысының қазасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 12 жастағы мектеп оқушысы Артём Фоминыхтың қазасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға 6 мамыр күні белгілі болған. Марқұмның туыстарының айтуынша, Артём 5 мамыр күні таңертең үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Жақындары оны іздестіріп, келесі күні тапқан.

Артём 5-сыныпта оқыған. Туыстары оның мектепте қысым көргенін, қатарластары тарапынан қорлық пен ақша талап ету жағдайлары болғанын айтады. Бұл туралы олар мектеп басшылығына да хабарлаған.

Олардың сөзінше, біраз уақыттан кейін жағдай тынышталғанымен, кейін бала қайтадан мектепке барудан бас тарта бастаған. Сондай-ақ, үйге келген мектеп өкілдерінің бірі баламен дөрекі сөйлесіп, оны арнайы орталыққа жіберу туралы айтқан. Осыдан кейін Артём жылап, үйден кетіп қалған.

Облыстық білім басқармасы бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, буллинг фактілері әзірге ресми түрде расталмағанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта барлық мән-жайлар тексеріліп жатыр. Ал ШҚО полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу аясында оқиғаның барлық себептері мен жағдайлары анықталуда.

Марқұмның туыстары баланың өліміне кінәлі адамдардың анықталып, жауапқа тартылуын талап етуде.

Войдите, чтобы оставить комментарий