“Жыр болған камзол”: Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға күтпеген сыйлық жасады
Продюсер Баян Мақсатқызы танымал актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Меруерт Өтекешоваға ерекше тосынсый жасап, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Politico.kz.
Кездесу жылы әрі әсерлі атмосферада өтті. Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға деген құрметін ерекше атап өтіп, оның қазақ киносы мен мәдениетіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Ол актрисаға қарап:
«Сіз жыламаңыз, сіз — ұлы әйелсіз. Сіз мен үшін әрдайым үлгі болдыңыз. Рахмет сізге», — деп алғысын білдірді.
Продюсердің айтуынша, ол актрисаның көптен бері пәтер жайлы айтып жүрген тілегін естіп, оны орындауға ниеттенген. Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға қалаған ауданынан, қалаған жерінен пәтер алып беруге уәде беріп, нақты шешімді екі ай ішінде жүзеге асыратынын жеткізді.
Айта кетейік, Продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде «Қыз Жібек» фильміндегі камзолмен түскен видеосын жариялап, көпшіліктің талқысына түскен болатын. Алайда көп ұзамай Меруерт Өтекешова бұл камзолдың Баян Мақсатқызына өз қолымен табысталғанын айтып, тараған әңгімелерге нүкте қойды.
Соңғы жаңалықтар