"Ол - өте сирек кездесетін ауру": Әли Оқапов денсаулығына қатысты қорқынышын айтты

12.09.2025 10:01
0
340
видеодан алынған кадр

Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Әли Оқапов  Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында өзі үшін ең қорқынышты нәрсе не екенін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Alash.KZ сайтына сілтеп.

Өнер иесінің сөзінше, әнші үшін ең қорқыныштысы нәрсе - дауысынан айырылып қалу көрінеді.

"Ондай оқиға болды, бар. Дисфония деген ауру. Осыдан 6 жыл бұрын басталды. Әлі де бар. Онымен жұмыс істеп жатырмын. Соңғы бірнеше жылда 5-10 пайызға жақсарып келе жатыр. Сонымен ән айтуды үйреніп алдым. Ол - өте сирек кездесетін ауру. Қайдан шыққаны белгісіз. Көбі "психологиялық тұрғыда күйзелістің нәтижесі" дейді. Кейбір адамдарда жұмыс бөлек, отбасы бөлек, жеке өмір бөлек. Ал менде бәрі бір: отбасым, махаббатым, жұмысым, достарым, өмірім - өнер. Кез келген мәселе бірден бәріне тиеді. Жеке өміріме байланысты сондай үлкен мәселе болды. Бірақ жұмысыма, отбасыма - бәріне әсерін тигізді", - деді әнші. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий