"Ол жертөледе қайтыс болған жоқ": Арман Дүйсеновтің өліміне қатысты шындық ашылды

13.11.2025 15:14 Мөлдір Талғат
0
679
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Арман Дүйсенов

Қазақстанның белгілі сазгері, марқұм Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы “TalkLike” бағдарламасына берген сұхбатында композитордың өліміне байланысты сұрақтарға алғаш рет ашық жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өнер иесінің жұбайының айтуынша, Арман Дүйсенов жертөледе емес, зауыт аумағында көз жұмған.

«Маған Калелхан Иманмәди қоңырау шалып, “Арманның жағдайы нашар, зауытқа тез жетіңіздер” деді. Не болғанын сұрағанымда, “Жедел-жәрдем келе жатыр, жылдам жетіңіздер” деп жауап берді. Зауытқа жетсек, сыртта жедел-жәрдем тұр екен. Ұлымыз екеуміз фельдшерлермен бірге екінші қабатқа көтерілдік, Арманның бетін жауып тастағанын көрдім. “Не болды?” деп сұрағанда, “жүрегі тоқтап қалды” деді. Ол ешқандай жертөледе көз жұмбады — бұл ресми түрде тіркелген жағдай», — деді Айсұлу Айданқызы.

Оның айтуынша, зауыт екі қабатты болғанымен, оның аумағында студия болмаған.

«Арман бұл жерге не үшін келді? Бұл студия емес қой деп сұрағанымда, “Осы жердегі балалармен бірге таң намазына дәрет алған. Балалар сапқа тұрған кезде, ағаларының тұрмай, диванда жатып қалғанын байқапты. Оятқан кезде тұрмаған екен” деді», — деп еске алды марқұмның жары.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий