"Олардың ойлағаны іске аспасын, иншаллах": Ресейдің СІМ орынбасары Қазақстан туралы пікір білдірді

23.07.2025 12:52
0
839
Сурет: Бейнеден кадр

Ресей дипломаты екі елдің одақтастығын атап өтті

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қарым-қатынас жайлы пікір білдіріп, екі елдің арасында жік салғысы келетін күштерге үн қатты.

Ол YouTube желісіндегі «Купол Юрты» арнасына берген сұхбатында Мәскеу мен Астананың одақтас елдер ретінде тығыз қарым-қатынасын сақтап отырғанын атап өтті. Бұл байланысқа сыртқы қысым мен Қазақстанның көпвекторлы саясаты төңірегіндегі алыпқашпа әңгімелер кедергі келтіре алмайтынын жеткізді.

– Қазақстан – бізге ең жақын одақтас, сенімді серіктес. Иә, белгілі бір мәселелер бар, геосаяси жағдайыңызға байланысты көпвекторлы саясат туралы түрлі алыпқашпа пікірлер айтылып жатады. Бірақ бұл Украинада болған жағдаймен мүлде салыстыруға келмейтін дүние. Мен бұл күрделі тақырыпқа терең бойлағым келмейді. Айтарым біз көрші елдер ретінде бірлесіп өмір сүрудің жақсы болашағына сенеміз. Ал екі елдің арасына сына қаққысы келетіндер бар екені рас. Олардың ойлағаны іске аспасын, иншаллах, – деді Сергей Рябков.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий