Олимпиадаға барудан бас тартқан Рыбакина күтпеген мәлімдеме жасады
Нью-Йоркте өтіп жатқан US OPEN турнирінің екінші айналымында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ойнамайтын болды, деп хабарлайды Politico.kz.
US OPEN турнирінің екінші айналымдық матчында Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина француз спортшысы Джессика Поншеге қарсы ойнауы тиіс болатын. Алайда кездесуге бір сағат қалғанда ұйымдастырушылар Рыбакинаның кортқа шығудан бас тартқаны туралы хабарлады.
Өкінішке қарай, жарақаттарыма байланысты бас тартуға мәжбүр болдым. Сезонның соңғы “Үлкен дулыға” турнирін осылай аяқтағым келмеді, бірақ ағзамды тыңдауым керек болды. Жыл соңындағы жарыстарды сәтті өткіземін деп ойлаймын. Мені қолдаған және қолдап жатқан барлық жанкүйерлеріме алғыс білдіремін. Ал қалған ойыншыларға сәттілік! – деп мәлімдеме жасады Елена Рыбакина.Айта кетейік, бұл қазақстандық теннисшінің бірінші рет ойыннан бас тартуы емес. 2022 Уимблдон чемпионы биылғы сезонды үш титулмен өте жақсы бастаған. Сосын Доха мен Майами мастерстерінің финалында ойнады. Алайда денсаулығына байланысты бірнеше турнирден бас тартты. Атап айтсақ, Дубай, Индиан Уэллс, Рим, Канада мастерстері және Париж Олимпиадасы. АҚШ ашық біріншілігінің жекелей сынында тағы бір спортшымыз Путинцева жарысты жалғастырып жатыр. Юлия бүгін қытай теннисшісі Ван Синьюйды жеңіп, үшінші айналымға жолдама алды. Фото: Robert Prange/Getty Images
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...
28.10.2026
18:48
“Адамдарды көліктерге қарай итерген”: Астанада ...