«Өліп кетсем де бала туып беремін»: Майра Мұхаммедқызы 20 жыл балалы бола алмағанын айтты
599
Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы Дана Нұржігітке берген сұхбатында өзінің жолдасы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Парасатты, жүрегі тап-таза адам. Мен оған риза болатыным - екеуміздің арамызда 20 жыл бала болмады. Сол кезде мен оған «өліп кетсем де бала туып беремін. Әйел ретінде саған қарызбын» дедім. Егер бала туа алмасам, басқаға кетуіңе болады дедім. Махаббатымды қиямын дедім. Ол баланы Алла беретінін айтып, мәңгі сенімен бірге боламын деді. Мен өз сөзімде тұрып, қыз тудым», - дейді Майра Мұхаммедқызы.
Ол күйеуі үнемі өнерін қолдап отыратынын айтып, ағынан жарылды.
«Қызым мен сені армандарыңа жеткізсем, мен бақыттыммын» дейді. Ешқашан шаршадым деп айтпайды. Барлығын махаббатпен істейді. Өнер жолыма қорған ретінде осы жігітті берген шығар деп ойлаймын. 18 жастан бері бері 40 жыл біргеміз», - деді әнші.
Соңғы жаңалықтар
22.08.2026
11:23
Тарихта алғаш рет! 16 жастағы дзюдошы әлем чемп...
22.08.2026
10:18
Алматы–Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол ап...
22.08.2026
09:16
Астанада көші-қон қызметі мен ХҚКО қызметкерлер...
21.08.2026
23:52
Мешітте "тамағы тесік" деп қайыр сұраған әкенің...
21.08.2026
23:40
Дина Төлепберген: Түркістанда ерлер әйелін білі...
21.08.2026
23:18
Қостанай облысында аудандық басқарма басшысы со...