"Өлтіріп қоя ма деп қорықтым": Мұқасан Шахзадаевтан таяқ жеген жігіт мәлімдеме жасады

09.02.2026 13:02 Мөлдір Талғат
233
Фото: әлеуметтік желі

«Нұр-Мұқасан» тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлеймен өзіне жасалған шабуылдың мән-жайын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Әнші блогер Жан Ахмадиевке берген сұхбатында оқиға кезінде қатты соққы алып, есінен танып қалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жанында болған азамат жағдайдың ауыр екенін байқап, полиция шақырған.

«Жанымдағы жігіт: “Сізді өлтіріп қоя ма деп қорықтым. Ес-түссіз жатқанда да соққы тоқтамады. Сол үшін полицияға хабарластым” деді. Бірақ тәртіп сақшылары келгенде, жәбірленуші болсам да, алып кеткені мен болдым», – дейді Ғалымжан Сүлеймен.

Әншінің сөзінше, полиция келгенге дейін де соққы жалғасқан. Ол қарсы тараптың ықпалды таныстары болуы мүмкін деген күдігін де жасырмады.

Сондай-ақ уақыт өте келе оқиғаға қатысты түрлі алыпқашпа әңгімелер тарай бастағанын айтты. Оның айтуынша, кейбір адамдар болған жағдайды әдейі бұрмалап, өз нұсқаларын айтып жүр.

«Қазір той-томалақтарда мен туралы жаман сөздер естимін. Болған жайтты басқаша жеткізіп жүр. Оқиғаға екі ай өтсе де, іс әлі аяқталған жоқ», – деді әнші.

Бұл мәселеге қатысты Ғалымжан Сүлейменнің қорғаушысы Инга Иманбай да пікір білдірді. Адвокаттың айтуынша, тергеу заңда белгіленген мерзімнен асып кеткен.

«Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша мұндай істер әдетте екі апта, әрі кетсе бір ай ішінде сотқа жолдануы тиіс. Алайда бұл іс тым баяу жүріп жатыр. Сондықтан қарсы тараптың ықпалды таныстары болуы мүмкін деген күдік туындайды. Сонымен қатар айыпталушы тараптан өкініш білдірілгенін де көрмедік», – деді адвокат.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий