"Өмір ғой, мұны да көрейік": Блогер Ырысбала Икрамбай күйеуімен ажырасқалы жатыр

Фото: Instagram.com/irisbala__ikrambai_official

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай күйеуімен ажырасу процесін бастағанын хабарлап, жеке өміріндегі өзгерістерді оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Блогер заңды түрде некені бұзу кезінде тап болған қиындығын айтып, ортақ баласы немесе мүлкі бар ерлі-зайыптыларды АХАТ бөлімі емес, тек сот қана ажырататынын ескертті.

"Ғайыптан тайып ажырасамын десеңіз, мен сияқты АХАТ-қа келіп әуре болып жүрмеңіздер. Егер ортада бала, ортақ дүние-мүлік болса, онда тек сот ажырастырады екен. Біліп жүріңдер", – деп жазды ол.

Сондай-ақ блогер бұл жағдайға қатысты артық сөз бен жалған жанашырлықтың керегі жоғын кесіп айтты.

"Өмір ғой, мұны да көрейік. Қоңырау шалып, жазып, өтірік жанашырлық танытпаңдар. Өз ақылым өзіме жетеді", – деді Ырысбала Икрамбай.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу