«Өмірін тозаққа айналдырған»: Дана Нұржігіт сұмдық оқиға туралы айтты

20.04.2026 14:32 Мөлдір Талғат
«Өмірін тозаққа айналдырған»: Дана Нұржігіт сұмдық оқиға туралы айтты
2477
Фото: dana_nurzhigit

Журналист әрі тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында алаңдатарлық жағдай туралы айтып, көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, ажырасқан, баласы бар әйел танысқан ер адам тарапынан қысым мен зорлық көріп жүрген.

«Жаңа ғана бір кездесуден келдім. 40-қа жақындаған келіншек. Баласы бар. Күйеуінен ажырасқанына біраз болған. Басы бос ер адаммен танысып, көңіл қосады. Бірақ екі айдың ішінде өмірін тозаққа айналдырып жіберген. Бар ақшасын алып қойған. Кет десе, кетпейді. Қорқытады, аңдиды. Соңғы рет келгенде 5-6 сағат бойы үйге қамап, ұрып-соққан. Әйел өз үйінен әрең қашып шыққан», – деп жазды ол.

Тележүргізушінің сөзінше, жәбірленуші полицияға арыз жазуға дайын, алайда адвокат жалдауға мүмкіндігі жоқ.

«Полицияға арыз жазып, істі бастамақшы, бірақ адвокатқа ақша жоқ. Әлгі адам күні-түні қорқытып, түрлі нөмірден хабарласады. Бұл – сталкинг. Өкінішке қарай, таныс жағдай», – дейді Дана Нұржігіт.

Журналист бұл оқиғаның өзіне қатты әсер еткенін айтып, қоғамды бейжай қалмауға шақырды.

«Жекеме жазып, көмек сұраған соң кездестім. Қазір жанымды қоярға жер таппай отырмын. Көмектесу керек!», – деді ол.

Қоғам белсенділері мұндай жағдайларда жәбірленушілерге құқықтық және психологиялық көмек көрсету маңызды екенін атап өтуде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий