"Оңай болған жоқ". Дана Нұржігіт бірінші күйеуі туралы айтты

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт бірінші күйеуі Владимир Рерих пен ұлы туралы бұрын еш жерде айтылмаған сырымен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Тележүргізуші жан сырын желідегі парақшасында ақтарды.
«Аналардың дұғасы. Менің ана болудағы жолым ұзақ болды. Бәрі оңай болған жоқ, ал ана болу — тіптен эпопея болды. Құлап, қайта тұру, тәуекелге бел буу, сену — менің ана болудағы қиындыққа толы жолым шығар.Қазір, артыма қараймын да, өзіме өзім, жалғыз ұлымның әкесі — Владимирге таң қаламын! Мен — анамын! Мен өмірді басқаша көре бастадым, бағалап, Алланың бергенін құрметтеп, бұл әлемде басқаша көре бастадым.Әлемге менің ұлымның көзімен қарай бастадым. Ана болу — ол үлкен құдырет. Жүрегіңнің тұсында жаңа өмірді ұстап жүру, оны ақ сүтіңмен емізу, түн ұйқысын төрт бөліп, бәрінің жақсы болатынына кәміл сену!», — деп ағынан жарылды тележүргізуші.
Соңғы жаңалықтар





