"Өнер қырандары" актері құран жаттаған қызына су жаңа баспана сыйлады
454
«Өнер қырандары» театрының негізін қалаушы, танымал актер Мадияр Серікбаев хафиза атанған тұңғыш қызы Алуаға екі қабатты пентхаус сыйлады, деп хабарлайды Politico.kz.
Ауқымды қуанышты жаңалықпен өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Жұртшылық бұл оқиғаны жылдар бойғы еңбек пен сабырдың, дұрыс тәрбиенің жемісі деп бағалап жатыр.
"Ата-ананың шын бақытты сезінетін сәттерінің бірі осы шығар… Мадияр аға мен Дана апайдың тұңғыш қыздары Алуа қасиетті Құранды толық жаттап, хафиза атанды. Мен танитын отбасылардың ішінде осындай қуанышқа жеткен ең алғашқы отбасы. Шынымен де баршамызға үлкен үлгі! Бұл жылдар бойғы еңбек, сабыр, дұға мен тәрбиенің жемісі… Алла Тағала Алуаның білгенімен амал етуін нәсіп етсін, Құранды жүрегінде мәңгі сақтасын", – деп жазды актердің жақындары.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...
13.09.2026
11:17
«Бүкіл Қазақстан сізбен мақтанады»: Тоқаев Елен...
13.09.2026
10:14
Астанада әйел мен бала қаза тапты: Оқиғаға қаты...
13.09.2026
09:13
Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады