Оңтүстік Корея президентіне елден шығуға тыйым салынды
Оңтүстік Корея әділет министрлігі ел президенті Юн Сок Ёльге шетелге шығуға тыйым салды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл шешім жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы жемқорлықты тергеу жөніндегі басқарманың сұранысы негізінде қабылданған. Президентке мятеж, мемлекеттік опасыздық және билікті асыра пайдалану айыптары тағылуда.
Тергеу әрекеттері президенттің 3 желтоқсанда елде төтенше жағдай енгізу шешіміне байланысты басталды. Бұл шешім ішкі қауіпке қарсы тұру мақсатында қабылданғанымен, оның аясында саяси партиялардың қызметі тоқтатылып, наразылықтар мен ереуілдерге тыйым салынды. Сондай-ақ цензура енгізіліп, әскери-далалық трибуналдар құруға рұқсат берілді.
Төтенше жағдай туралы жарлық алты сағат ішінде ұлттық ассамблея депутаттарының күшін жою туралы шешімімен тоқтатылды. Әскери күштердің парламентті басып алу әрекеттеріне қарамастан, президент өз шешімін кері қайтарып алуға мәжбүр болды. Бұл жағдай үлкен сынға ұшырап, Қорғаныс министрі Ким Ён Хён бастаған бірқатар жоғары лауазымды тұлғалардың отставкаға кетуімен аяқталды.
Ақпарат newtimes.kz сайтынан алынған.