Онлайн қауіп: 12 жасар қыздың жалған парақшасы екі күдіктіні әшкереледі

Онлайн қауіп: 12 жасар қыздың жалған парақшасы екі күдіктіні әшкереледі
24.06.2025 18:18
0
85

«Жаңа адамдар» қозғалысы қолға алған «124» азаматтық науқаны аясында кәмелетке толмаған қыздың әлеуметтік желідегі жалған парақшасына қызығушылық танытқан екі ер адамның әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қозғалыс мүшелері 12 жасар қыздың атынан жалған аккаунт құрып, онымен байланыс орнатуға талпынған адамдарды анықтады. Бірнеше күн ішінде бірнеше ер адам хат жаза бастаған. Солардың бірі өзін «Розбай» деп таныстырып, бірнеше ай бойы бала кейпіндегі аккаунтпен жазысқан. Ол жыныстық сипаттағы хабарламалар жіберіп, кейін интимдік кездесу ұсынған. Кездесуге келгенде: «Бәліш жеуге келдім», — деп жауап берген.

Екінші күдікті — «Просто Нурда» атты лақап атпен тіркелген азамат. Ол да хат алмасуды бастан-ақ құпия ұстауды сұрап, интимдік мазмұндағы суреттер жіберіп, жеке кездесуге тырысқан.

Белсенділер қос азаматтың шынайы деректерін анықтады. Біріншісі — 1996 жылы туған Розбай Сұлтанбеков, құрылыс саласында жұмыс істейді. Екіншісі — 2003 жылғы Нұрдәулет Амайданов, ол да құрылыс нысанында еңбек етеді.

Кездесу сәтінде олар күткендей 12 жасар қыз емес, «Жаңа адамдар» белсенділері мен камералармен бетпе-бет келді. Акция аясында олардың барлық жазбалары, суреттері мен дәлелдері тіркеліп, тиісті органдарға тапсырылды.

Қозғалыс мүшелері бұл әрекеттің басты мақсаты — балаларды онлайн ортадағы сексуалдық қудалаудан қорғау және қоғам назарын киберқауіпсіздік мәселесіне аудару екенін атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий