"Онсыз да бақытты": Гүлнұр Мамасарипова қыздарға тұрмысқа шықпау керегін айтты

Танымал продюсер, “Келінжан” телехикаясы арқылы көрерменге кеңінен таныс болған Гүлнұр Мамасарипова тұрмысқа шықпаған қыздарға арналған ойын бөлісті.
Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты. Продюсердің сөзінше, әр қыздың бақыты тек тұрмысқа шығумен өлшенбеуі керек.
«Олай деп айтуға болмайды дейді ғой, бірақ мен “Қашан, қашан” дейтін аналардың қатарынан емеспін. Тіптен меңзеп, айналдырып айтатын да адам емеспін. Осындай сұхбаттарда ғана айтамын, олар содан естіп алады бәрін. Бұрын айтатынмын, соңғы кезде тікелей айтпаймын. Жалпы қыздар мен күйеуге тимей жүрген аналарға айтарым – әр қыз онсыз да бақытты болса екен. Егер ол болмай жатса, демек оның бір себеп-салдары бар. Адам өзіне қастандық жасамайды ғой. Егер тұрмыс құру мүмкін болмай жатса, оған бір нәрсе жетіспей тұрған шығар. Мен соны түсіндім», — деді Гүлнұр Мамасарипова.
Продюсердің бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік оның сөзінен терең өмірлік тәжірибе мен әйел бақыты туралы ой түйгенін жазуда.
Соңғы жаңалықтар





