Оңтүстік Кореяда көпір құлады
674
Чхонандағы көпір құрылысында балкалар құлап, адам шығыны болды
25 ақпан күні таңертең Оңтүстік Кореяның Чхонан қаласында (Сеулдан оңтүстікке қарай 80 шақырым) жылдамдығы жоғары автомагистраль құрылысында қайғылы жағдай орын алды.
"Рёнхап" агенттігінің мәліметі бойынша, көпірдің болашақ конструкциялары құлап кеткен.
Ресми органдардың мәлімдеуінше, кранмен болат балкаларды көтеру кезінде бірінен соң бірі ұзындығы 50 метр болатын бес құрылым жерге құлаған. Сол уақытта олардың астында тұрған жұмысшылардың үшеуі қаза тауып, бесеуі жарақат алды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Олар қирандының астында қалып қойған адамдардың бар-жоғын тексеріп жатыр.
Президент міндетін атқарушы Чхве Сан Мок апат салдарын жою және құтқару жұмыстарын жүргізу үшін барлық мүмкіндікті пайдалануды тапсырды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...