“Оқушылар тамақтан уланды”: Маңғыстаулық кәсіпкер сотталды

“Оқушылар тамақтан уланды”: Маңғыстаулық кәсіпкер сотталды
30.04.2025 08:48
0
71
Фото: freepik.com

Маңғыстау облысында Мұнайлы соты өткен жылдың қыркүйек айында мектеп асханасында балалардың жаппай улануына қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Асханадан ас ішкен 182 мектеп оқушысы зардап шекті.

Мектепті азық-түлікпен қамтамасыз еткен жеке кәсіпкер санитарлық талаптарды бұзғаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды.

«Ол қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет ете отырып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды өрескел бұзып, мектеп асханасында 182 оқушының жаппай улануына әкеп соқты», - делінген сотта.

Сотталушы мен оның өкілдері кінәсін мойындамай, толық ақтауды талап етті. Мемлекеттік айыптаушы оны екі жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Сотталушының кінәсі сараптамалық қорытындылармен, қылмыс болған жерді қараумен, беттестіру хаттамаларымен, куәлардың, жәбірленушілердің айғақтарымен және басқа да іс материалдарымен дәлелденді. Сот соттылығының болмауын жеңілдететін мән-жай ретінде қарады. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ», - делінген сот құжаттарында.

Сот кәсіпкерді санитарлық нормаларды бұзғаны үшін кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий