«Оқымайды деп ойладым…»: Бота Мия ауыр дертпен күресіп жүрген оқырманын қуантты

17.12.2025 12:26 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Оқымайды деп ойладым…»: Бота Мия ауыр дертпен күресіп жүрген оқырманын қуантты
0
61
Коллаж: Politico.kz

Әлеуметтік желіде жүрекке жылы тиетін оқиға көпшіліктің көңілін толқытты. Блогер Бота Мия есімімен танымал Ақбота Нұрахын бір оқырманының көптен бергі арманын орындап, желі қолданушыларының алғысына бөленді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Оқиға желісі бойынша, оқырман бастапқыда шетелдік визажист Гоарға өз тілегін жазып, кейін «мен де осындай өзгеріс қалаймын, бірақ мүмкін емес шығар» деп ойлап, хабарламасын өшіріп тастаған. Алайда көп ұзамай ол тәуекелге барып, «неге өз блогерімізге жазбасқа?» деген оймен Бота Мияға хат жолдайды. «Оқымайды да» деп күмәнданғанымен, нәтиже ойлағанынан да асып түскен.

Бота Мия науқас оқырманын жеке қабылдап, оның қалаған образын жасап беріп, макияжы мен стилін толық өзгерткен. Кадрларда оқырманның жүзіндегі қуаныш пен сенім анық байқалады. Бұл сәт блогер үшін де, оқырман үшін де ерекше эмоцияға толы болды. Екеуі де бір-біріне алғыс айтып, жүрекжарды сөздер жазды.

Желі қолданушылары бұл игі іске бейжай қалмады. Пікірлерде:

«Алладан мың есе қайтсын!», «Бота минусқа жұмыс істейтін блогер деп естіген едім, рас екен. Тапқанын өзіне емес, контенті мен адамдарға жұмсайды», «Не деген батылдық! Айжан, жарайсың, дерттің ізі де қалмасын», «Екі дүниенің жақсылығы бұйырсын», «Жүрегің қандай нәзік еді, бірге жылап отырмын» – деген жылы лебіздер жазылды.

Бұл оқиға блогерлік тек жарнама мен табыс емес, адамға үміт сыйлау, қолдау көрсету екенін тағы бір мәрте дәлелдегендей.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий