Орал әкімдігіне жарты миллион айыппұл салынды

09.01.2026 16:53 Арман Ермеков Арман Ермеков
Орал әкімдігіне жарты миллион айыппұл салынды
0
358
Фото: Александр Коряков, Коммерсантъ

Өзен жағасына қар төккен Орал әкімдігіне жарты миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Politico.kz

Оралда Шаған өзенінің су қорғау аумағын заңсыз қар полигонына айналдырған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жауапқа тартылды.

Тексеру барысында 2025 жылдың желтоқсанында «Жайық таза қала» мекемесінің Телеорталық маңындағы жағалауға рұқсатсыз қар шығарғаны анықталды. Бассейндік инспекция бұл аумақта полигон ұйымдастыруға келісім бермеген.

Абай полиция бөлімінің материалдары негізінде жауапты мекемеге қатысты хаттама толтырылды. Су нысандарын ластағаны және қорғау шараларын қабылдамағаны үшін (Әкімшілік кодекстің 358-бабы, 2-бөлігі) бөлімге 514 675 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Инспекция басшысы Ғалидолла Азидуллиннің мәліметінше, коммуналдық сала мамандарына нысанды су қорғау аймағынан дереу шығару туралы нұсқама берілді.

Қала әкімдігі аталған учаскеге қар шығару жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын растады. Шенеуніктер қазіргі уақытта жер телімін заңдастыру және рәсімдеу процесі жүріп жатқанын алға тартты.

Бұған дейін жергілікті тұрғындар өзен жағасына толассыз қар төгіліп жатқанын видеоға түсіріп, наразылық білдірген болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий