Оралда әйел 5 жастағы баласын кәлима айтпағаны үшін күйеуі соққыға жыққанын айтты

Орал қаласында тұратын әйел бұрынғы күйеуінің баласына қатыгездік көрсеткенін және алимент төлемей жүргенін мәлімдеді. Айтуынша, ер адам ұлын ислам дініндегі кәлиманы айтқызу үшін ұрып-соғып, тіпті шаңсорғышты қосып, бір бөлмеге қамап қойған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Шешесінің сөзінше әкесінен қорлық көрген бала қазір сөйлемей қалған.
Оның сөзінше, көрген зорлықтан кейін бала мүлде сөйлемей қойған, қазір ем қабылдап жүр. Әйел бұрынғы күйеуінің өзін де талай мәрте ұрып-соққанын, алайда шақыртумен келген полиция қызметкерлері ешқандай шара қолданбағанын айтты.
«Баламды шаңсорғыш қосып, бір бөлмеге қамап қоятын. «Лә иләһә иллАллаһ, Мұхаммадур расулуллаһ» деп айтпадың деп ұрысатын. Содан бері балам тілсіз қалды. Өзімді де таң атқанша ұратын. Таңда полиция келіп ауруханаға жеткізді. Ал оған ештеңе істемеді. Арызымды жойып жіберді», — дейді ол.
Соңғы жаңалықтар





